Мерекелік күндердің тізбесі жаңа екі мерекемен толықты, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
Құжатқа үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойды.
Құжатта көрсетілгендей, Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісінде, ал Әкелер күні маусымның үшінші жексенбісінде мерекеленеді.
Бұл мереке әлемнің көптеген елдерінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы және ата-ана институтын нығайту үшін аталып өтеді.