Қазақстанда балық қымбаттады

Елде бір жылда балық 15% қымбаттады. Бұл туралы Energyprom.kz сайты хабарлады.

Қаңтар мен тамыз аралығында Қазақстанда 30,8 мың тонна балғын және салқындатылған балық өндірілді, бұл былтырғымен салыстырғанда 15,5% артық. Мысалы, Қызылорда облысында балық кластері белсенді дамып келеді, мұнда 15 мың тонна балық өнімдерін өндіретін 10 зауыт бағалы балық түрлерін көбейтуге маманданған.

Сегіз айда республикада небәрі 6,6 мың тонна дайын немесе консервіленген балық, уылдырық және оның алмастырғыштары өндірілген. Бұл сегментте Түркістан облысы көш бастап тұр – 2,4 мың тонна. Биыл қаңтар-шілде қорытындысы бойынша жергілікті кәсіпорындар өңделген және консервіленген балық, шаян және моллюскаларға сұранысты 53,1% қамтамасыз етті. Елімізге 28,7 мың тонна өнім әкелінді. Осы кезеңдегі өнім 32,5 мың тонна болған.

Биылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша, балғын немесе салқындатылған балық бір жылда 15%, мұздатылған балық – 15,1%, қабығы аршылған мұздатылған асшаяндар – 26,4% қымбаттаған. Ең алдымен жаңа ауланған балық бағасы Павлодар (44,7%), Қостанай (24,7%) және Маңғыстау (24%) облыстарында өсті. Мұздатылған балық бағасы Маңғыстау (43,4%), Жетісу (35,2%) және Атырау (29,6%) облыстарында айтарлықтай өскен.

Балық өнімдері ішінде тұздалған майшабақ бір жылда 34,2%, балық консервілері — 29,6%, майдағы шпрот — 24,9%, салқын ысталған скумбрия — 23,8%, тұздалған деликатес балық — 22,2%, қызыл уылдырық – 21,2% қымбаттаған.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago