Қазақстанда мектептер мен балабақшаларда 7 жылдан аса уақыт қызмет атқарып келе жатқан директорлар жаппай тексерілмек. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Жетісу облысында білім саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәлелері бойынша өткізген кеңесте айтты.
Министрдің сөзінше білім беру қызметінің барлық бағыттарын түбегейлі қайта қарап, сыбайлас жемқорлықты жою бойынша кешенді жұмыс жүргізу қажет екен. Себебі сараптама жүргізу нәтижесінде жұмысқа орналасуда, балаларды балабақшаға, мектепке қабылдауда және ұйым басшыларының ұзақ уақыт бір қызметте отыруында жемқорлық тәуекелі бар екені белгілі болған.
Айта кетейік, осыған дейін министр оқу жылы аяқталып жатқанын ескеріп, мектепте «Алтын белгі» жемқорлықтың көзі болып отырғанын атап өткен еді. Оның айтуынша «Алтын белгі» алу үшін ата-аналар түрлі заңсыз әрекетке баратын көрінеді.