Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда көлік импорты рекордтарды жаңартуда
21.09.2023
«Ібілістің ісі, не жаудың әрекеті!» Балғынбек Имаш Тоқаевқа үн қатты
21.09.2023
Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
21.09.2023
Ерлі-зайыпты 12 жыл бұрын жоғалтқан ұлдарын кездейсоқ қағып кетті
21.09.2023
Қазақстандықтар Балиге тікелей рейспен ұша алады
21.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Қазақстанда блогерлердің қызметін реттейтін заң күшіне енді
Қоғам

Қазақстанда блогерлердің қызметін реттейтін заң күшіне енді

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 11.09.2023
Обновлено 11.09.2023 в 11:09
Поделиться
Фото: pixabay.com
Поделиться

9 қыркүйекте «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Аталған құқықтық құжатқа 10 шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңға сәйкес, ел аумағындағы онлайн-платформаларда құқыққа қайшы контентті орналастыруға және таратуға тыйым салынады.

Құқықтық құжаттағы ең басты жаңалық әлеуметтік желілердегі онлайн платформалар интерфейстеріне мемлекеттік тілді енгізуге міндетті. Блогерлер контентті қазақ тіліне автоматты түрде аудару мүмкіндігін жасауы тиіс.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында қазақ тіліндегі контентті модерациялау керек.

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, суицидті, порнографияны, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді және прекурсорларды, сепаратизм идеяларын, алаяқтықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын ақпаратты үндеу, насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіне және аумақтық тұтастығына күмән келтіретін мәлімдемелер, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашатын ақпарат және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған өзге де ақпарат құқыққа қайшы контент саналады,

делінген заң мәтінінде.

Заң шеңберінен тыс ақпараттар орналастырылған контенттің жұмысын шектеу немесе тоқтату «Байланыс туралы» ҚР Заңының 41-1-бабына сәйкес жүргізіледі.

Онлайн-платформаның меншік иесі, не болмаса заңды өкілі уәкілетті органның нұсқамасын алғаннан кейін 24 сағат ішінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

Интернеттегі жарнамаға қойылатын талаптарға келетін болсақ, оларға сәйкестендіру және таңбалану талабы қойылады.

Онлайн-жарнама уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен таңбаланады. Онлайн-жарнаманы орналастыру және тарату «Жарнама туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Онлайн-платформа пайдаланушыларды мәтіндік және графикалық, болмаса өзге де белгілердің көмегімен мақсатты онлайн-жарнаманы сәйкестендіруі тиіс.

Таргеттелген онлайн-жарнамада оның жарнама екенін көрсететін арнайы белгілері көрсетілуі қажет.

Жеке тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нәсілдік немесе ұлттық тиістілік, саяси көзқарастар, биометриялық немесе дербес деректер, пайдаланушының денсаулық жағдайы туралы ақпарат негізінде профайлинг жасауға тыйым салынады.

Сондай-ақ, Әкімшілік кодекске жаңа бап енгізілді.

Ол онлайн-платформалар арқылы жалған ақпаратты тарату үшін жауапкершілікті көздейді. Мәселен, 20 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылады (69 000 теңге). Егер бір жыл ішінде адам жалған ақпарат тарату фактісіне қайта жол берсе, онда ол 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынынады немесе 40 АЕК (138 000 теңге) айыппұл төлеуі тиіс.

ТЕГи: Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 11.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақстанда көлік импорты рекордтарды жаңартуда
  • «Ібілістің ісі, не жаудың әрекеті!» Балғынбек Имаш Тоқаевқа үн қатты
  • Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
  • Ерлі-зайыпты 12 жыл бұрын жоғалтқан ұлдарын кездейсоқ қағып кетті
  • Қазақстандықтар Балиге тікелей рейспен ұша алады

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Қоғам

Қазақстандықтар Балиге тікелей рейспен ұша алады

21.09.2023
Саясат

Олигархтарды үркіту: Тоқаевтың ойлағаны не?

20.09.2023
Экономика

Мәскеу биржасындағы теңгенің құбылуы

20.09.2023
ЖемқорлықСаясат

«Ашынған, алданған халықтың шыдамы таусылды»: депутат жер саласындағы жемқорлық пен алаяқтық жайлы

20.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?