“Үздік әкім” конкурсына қатысқан әкімдер ауылдық жерлерде халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған жобаларын қорғады, экономикалық және әлеуметтік әсері бар ауылды дамыту жөнінде ұсыныстарын айтты. Сонымен бірге проблемалық жағдайлар бойынша ситуациялық кейстерді шешті.
Нәтижесінде Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Нұрсейтов Нұрбақыт Дәулетбекұлы «Үздік ауыл әкімі» атағын иеленді.
Шардара ауданы әкімі аппаратының ресми сайтымәліметінше, ол 34 жаста. 2009 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған.
Екінші орынды Павлодар облысы Успен ауданы Новопокровск ауылдық округінің әкімі Вячеслав Николаевич Симоненко, үшінші орынды Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округінің әкімі Оралбек Әбшанұлы Әбшанов ие болды.
Байқау жеңімпаздары мен номинация иегерлері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының құрмет грамотасымен марапатталды.