Қазақстанда екінші деңгейлі екі жаңа банк пайда болуы мүмкін. Оларды екі микроқаржы ұйымы құруды жоспарлап отыр.
Олар: KMF және Solva. Олардың портфелі бар, капиталдың жеткіліктілік деңгейі олардың банкке айналуына мүмкіндік береді.
Қазір біз микроқаржы ұйымдарының екінші деңгейлі банктерге айналуын күтіп отырмыз. Бізде екінші деңгейлі банктерге айналуға ниет білдірген екі ірі микроқаржы ұйымы бар.
Ол өткен жылы заңнамаға микроқаржы ұйымына лицензиядан бас тартпай конверсиялауға мүмкіндік беретін тиісті түзетулер қабылданғанын еске салды. Сонымен қатар агенттіктің жаңа банктер ашу талаптарын ырықтандыруға бағытталған банк жүйесі туралы заңнамаға бірқатар түзету дайындағанын айтты. Осы түзетулер қабылданғаннан кейін қазақстандық нарықта екінші деңгейлі банк ашқысы келетіндер көп болады деген үміт бар.