Қазақстанның энергетика жүйесінің Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтарында электр энергиясын тұтынуға шектеулер енгізілді, апаттық режимі жарияланды. Бұл туралы KEGOC-тің баспасөз қызметі хабарлады.
Желтоқсанда Қазақстанның бірыңғай электрэнергетика жүйесінде (БЭЖ) энергия тұтынудың өсуі байқалған. Мәселен, 7 желтоқсанда 16 459 МВт тіркелген, ал мұндай көрсеткіш қазақстандық энергожүйенің тұтыну тарихында алғаш рет болып отыр. Бұған дейін елдің электрстанцияларының жиынтық генерациясы тек 15 203 МВт болған. Тапшылық ресейлік электржүйесінен жоспардан тыс ағындары есебінен жабылды.
Электрэнергиясы мен қуатқа деген қажеттілікті жабу үшін генерацияның жүйелі жетіспеушілігі электрстанцияларында жиі апаттық және жоспарланбаған жөндеулерден туындайды. Елеулі теңгерімсіздіктер жағдайында жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр энергиясын тұтынуына шектеу енгізе отырып, қазақстандық энергожүйенің Солтүстік, Оңтүстік, сондай-ақ Батыс аймағы бойынша «апаттық» режимін жариялауға мәжбүр,
делінген хабарламада.