Елімізде орта білім алу үшін мектептегі 9 жылдық оқудан кейін колледжге түсуге талпынатындардың саны жыл сайын артып келеді.
Енді тіпті колледждерге түсу үшін емтихан тапсырудың қажеті жоқ. Яғни арнаулы орта білім беру мекемелеріне қабылдау түлектердің аттестатының орташа балы негізінде өтеді. Бұл туралы ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.
Биылғы жылы мектепті 288 мыңнан астам тоғызыншы сынып оқушылары бітіріп жатыр. Мемлекеттік тапсырыс бойынша колледждерде оқуға арналған бюджеттік орындармен 130 мың адам қамтамасыз етіледі,
деді Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Биыл оқу бітіріп жатқан түлектер, қайда оқуға түсуді жоспарлап отырсыздар?