Categories: Денсаулық

Қазақстанда халыққа онкологиялық көмек көрсету шараларын күшейту жоспарланып отыр

Тиісті мәселе ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды.

Қазақстанда жыл сайын онкологияның 37 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталады. Бұл ретте, 20 жыл ішінде өлім-жітім деңгейінің 33%-ға төмендеуіне қарамастан, қатерлі ісік жыл сайын 13 мыңнан астам адамның өмірін қияды. Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастардың жартысынан көбі еңбекке жарамды жастар.

Мұндай көрсеткіштердің басты себебі – ауруды кеш анықтау. Сізде ең жаңа жабдықтар мен дәрі-дәрмектер, заманауи ауруханалар болуы мүмкін, бірақ ауруды ерте сатысында анықтай алатын жоғары білікті мамандар қажет. Сондай-ақ халықпен үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізу қажет,

деп атап өтті Премьер-Министр.

 Үкімет басшысы өңірлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды. Бұл қалалық және ауылдық тұрғындар, өңірлер мен астана арасындағы медициналық қызмет көрсету деңгейіндегі теңгерімсіздікті азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстандықтар диагноздың кеш анықталуы, жергілікті жерлерде медициналық мекемелердің нашар қамтамасыз етілуі, медицина қызметкерлері мен дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне шағымданады. Мұның бәрі онкологиялық аурулардан өлім-жітімнің жоғары болуына әкеп соғады,

деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында анықтау деңгейі төмен және өлім-жітім деңгейінің өте жоғары екені анықталып отыр.

Бұл өте маңызды мәселелер, оларды жүйелі түрде шешу қажет. Адамдардың отандық медицинаға деген сенімін, тұрақты тексеруден және сапалы емдеуден өту қажеттілігін қалпына келтіру керек. Ол үшін біз жаңа онкологиялық клиникалар саламыз, жабдықтар мен дәрі-дәрмектер сатып аламыз, заманауи емдеу әдістерін енгіземіз. Бұған онкологиялық аурулармен күресудің жаңа кешенді жоспары да бағытталған,

деді Премьер-Министр.

 Үкімет басшысы атап өткендей, бүгінгі таңда скрининг бағдарламаларымен қамтылған азаматтардың үлесі 20%-дан да аз болып отыр. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне профилактикалық тексеру, әсіресе онкологиялық аурулардың мақсатты топтары мен бағдарламаларын кеңейту тапсырылды.

Адамдарды өз денсаулығына мұқият болуға, үнемі тиісті тексерулерден өтуге сендіру керек. Ол үшін денсаулық сақтау және ақпарат министрліктері әкімдіктермен бірлесіп кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізуі керек,

деп атап өтті Үкімет басшысы.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago