Қазақстанда қағаз лотерея билеттерімен бірге лездік электрондық лотерея ойнататын вендинг киосктары – Lotomatic лотерея желісі жұмыс істейтіні белгілі. Оның терминалдарына жүлде қоры бекітілген лотереяның партиясы жүктеледі, бұл кәдімгі қағаз лотерея билеттері сияқты, тек электронды түрде ойнатылатын лотерея.
Lotomatic киосктерінің бәрі үнемі желіге қосулы тұрады, олар интернесіз жұмыс істей алмайды. Әрбір лотокиоск Лотерея дерегін өңдеу орталығына қосылып, дерек алмасып тұрады. Ойналған ойындардың нәтижелері сосын Лотерея есебінің орталығына беріледі. Осының арқасында сатылған барлық ойын мен төленген ұтыстарды 24/7 режимінде реттеуші орган – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бақылай алады. Сатылған әрбір электрондық ойынға чек беріледі, әрбір ойын фискалды түрде тіркеледі.
Лотерея дерегін өңдеу орталығы тіркеген кейбір фактілерге тоқталсақ, Lotomatic лотереясына қатысушылардың 84% терминалға 5000 теңгеден артық ақша салмайды. 95% Lotomatic лотереясын сатып алуға 10 мың теңгеден артық ақша жұмсамайды.
Заңды лотереяның ең басты қыры – ойын нәтижесіне ешкім араласа алмайды. Лотерея автономды түрде жұмыс істейді, тираж өткізілгенге дейін ұтыс нәтижелерін ешкім алдын-ала біле алмайды.
Ендеше вендинг аппаратынан билет сатып алудың кәдімгі лездік қағаз лотерея сатып алудан еш айырмашылығы жоқ.
Қазақстанда ұлттық лотерея операторы – «Сәтті Жұлдыз» АҚ әлі құрылмай тұрғанда (компания 2016 жылы 4 сәуірде құрылды) ел аумағында шамамен 30 мыңдай заңсыз ойын аппараттары заңсыз жұмыс істеген. Оның қожайындары ұтыс деңгейін өз қалауынша баптайтын, ойыншылардың жасын шектемейтін, мемлекетке ешқандай салық төлемейтін. Ұлттық оператор пайда болған соң 2019 жылы елдегі терминалдар саны 15 мыңға дейін азайды. Сосын 7 мыңға азайды, қазір (2023 жыл) азаю үрдісі жалғасып, күні бүгін Қазақстанда заңды негізде желіге қосулы тұратын Lotomatic терминалдарының саны 5 мың дананы құрайды.
Lotomatic-те лотерея сессиясын бастамас бұрын әрбір ойыншы міндетті түрде ЖСН-ін толтырып, жеке басын растайтын тексеруден өтеді. 18 жасқа толмағандар ойнай алмайды. Ал ұтыс көлемі 6 АЕК-тен асса, ұтқан қатысушының 21 жасқа толған-толмағаны тексеріледі.
Ұлттық лотерея жасы толмағандықтан бөтен біреудің ЖСН-ін енгізіп ойнайтындарды анықтап, ондай жағдайлармен белсенді күресіп келеді. 2023 жылдың сәуірінен бері жаңа ереже бойынша терминалдар арнайы лотерея киоскілерінде ғана орнатылып, оны киоскінің әкімшісі бақылайды.
Мұның бәрі – әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, бизнестің осы саласын көлеңкеден шығару мақсатында қабылданып отырған шаралар. Заңды лотереялық өнім болмаса, бар аудитория заңсыз ойынға кетеді. Ақша шетел асып, заңсыз лотереяға қатысушылар ұтыссыз, қорғаусыз қалады.
Қазір ұлттық оператор Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне «LotoClub» ЖШС-інің агенттеріне қатысты жаңа ережелер мен әлеуметтік нормалар ензігуді ұсынып отыр.
Өйткені лотереяға қатысты үнемі жүргізіліп отырған түсіндіру жұмыстары мен ұлттық оператор тарапынан түрлі әлеуметтік бастамаларға қаржылай қолдау жасалып отырғанына қарамастан осы тақырып төңірегіндегі популизм мен қоғамдық пікірге манипуляция жасау азамай тұр. Нәтижесінде «LotoClub» ЖШС-інің жұмысына қоғам тарапынан күрт теріс көзқарас қалыптасуда.
Осыған байланысты ұлттық оператор мынадай ұсыныстар жасап отыр:
1. 2023 жылы жаңа клубтар ашуға мораторий жариялап, олардың жалпы санын 350-ге дейін шектеу;
2. 2025 жылға қарай жұмыс істейтін клубтар санын ең төменгі қажетті межеге азайту. 2028 жылға қарай Қазақстандағы клубтар саны 200-ден аспайтын болсын;
3. Ребрендингке кірісіп, сауда маркасының атауы мен дизайнын өзгерту;
4. Клубтардың банк бөлімшелері, МҚҰ, ломбардтардың жанында орналасуына тыйым салу;
5. Клубтардың тұрғын үйлер мен жатақханалардың жанында орналасуына тыйым салу;
6. Клубтардың балаларға арналған, білім беру, медициналық ұйымдар мен мәдениет ұйымдарының ғимараттарында орналасуына тыйым салу;
7. Клубтардың мінәжаттық, діни ұйымдардың ғимараттарында орналасуына тыйым салу;
8. Алкоголь өнімдерін сату мен таратуға тыйым салу;
9. Ойынға қатысушының өзі немесе оның жақын туыстарының өтінішімен ойыншының клубқа кіруін уақытша немесе тұрақты шектейтін норма енгізу.
10. Ойынға тәуелділіктің салдары мен тәуелділіктің алдын алу, тәуелдіге алғашқы көмек көрсету жөніндегі ақпараттардың көрінетін жерлерде тұрақты жарияланып тұруы;
11. Ойынға тәуелділікпен күресті ашық жүргізу, статистиканы ашық жариялау;
12. Жаңа қатысушыларды шақыратын жарнамаға шектеу салу.
Алайда заңдық және жергілікті деңгейдегі шектеулер мен тыйымдарды кезең-кезеңмен енгізу қажеттігі атап өтіледі. Өйтпеген жағдайда заңсыз, көлеңкелі ойын секторы жылдам белең алып, оператор мен ҚР ҚМА ЭТД құрылымдарының құмар ойындарды заңды және ашық экономикалық жұмысқа көшірген көп жылдық жұмысы зая кетеді, ойын секторы 2016 жылғы жағдайға қайта оралады. Ал мемлекет қазіргі уақытта онсыз да заңсыз ойынды толық ауыздықтай алмай келеді.
Күні кеше Мемлекет басшысының қабылдауында болған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов елімізде жыл басынан бері заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-әрекеттер нәтижесінде 11 жасырын казино және 2 букмекерлік кеңсе таратылғанын хабарлаған еді.