Ұнның бөлшек саудадағы бағасы бір жылда 45%-ке қымбаттады. Бұл туралы Energyprom.kz мәлімдеді.
Қазанда ұн бағасы жыл басынан бері рекордтық 41,3%-ке қымбаттады. Ал 2021 жылдың қазанымен салыстырғанда баға 44,3%-ке өсті.
Сондай-ақ, бір айда бағаның 1,2%-ке өскені айтылады.
Сарапшылар бағаның бұрынғы рекордтық өсімі 10 жылдан астам уақыт бұрын, 2012 жылдың тамызында 5,6%-ке көтерілгенін түсіндіреді.
Жоғары сортты бидай ұнының бөлшек сауда бағасы 2022 жылдың қазан айында келісіне 369 теңгені, бірінші сұрыпты – келісіне 245 теңгені құраған.
Ең қымбат ұн Астан, Ақтау, Шымкен қалаларында сатылса, Ақтөбе, Павлодар, Жезқазған және Семей қалаларында салыстырмалы түрде арзанға сатылады.