Оның көбі – жастар.
Олар нақты көрсеткіш әлдеқайда жоғары және 150 мың адамға жетуі мүмкін екенін атап өтті. Дүниежүзілік статистикаға сәйкес, 10 нашақордың біреуі ғана оңалтудан сәтті өтеді екен.
Бүгінде Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде есірткі қылмысы үшін төрт мыңнан астам адам жазасын өтеп жатыр.
Алматының өзінде есірткі тасымаладу белең алып барады. Жас қыз-жігіттер оңай ақша табудың қамымен өмірлерін қауіпке тігеді. Оңай олжа кем дегенде 10 жыл арқалауға тұрмайды.