2025 жылдан бастап елімізде оқу ақысы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.
2025 жылға дейін студенттердің стипендиясын 2 есе өсіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ 2025 жылдан келесі кезеңге стипендия тағы осынша артады. Сондықтан бюджеттегі тиісті қаржы көлемі ескерілуі маңызды. Біртіндеп грант құны да артатын болады. Одан түскен қаражат оқытушылардың жалақысы мен стипендияны өсіруге жұмсалады.
Сонымен қатар, барлық студентке халықаралық цифрлық кітапханаларға тегін қосылуға жағдай жасалады.
Министр жүзеге асырылған бастамалар туралы да айтты. Өткен жылы мемлекеттік гранттың басым бөлігі техникалық мамандықтарға берілген.
Былтыр мемлекеттік тапсырыстың көлемі 10%-ға артқан. Оның ішінде алғаш рет мемлекеттік тапсырыстың 60%-ы техникалық бағыттарға орналастырылды. Студенттердің шәкіртақысы 20%-ға өсті. Жоғары білімнің интернализациясы шеңберінде QS рейтингісінде 16 жоғары оқу орны бар. 3 университет Times Higher Education рейтингісіне енді. Шетелде қазақстандық жоғары оқу орнының 3 филиалы ашылды.