Тоқаев режимінде парламенттің қаншалықты ықпалды екенін Мәжіліс спикері Қошановтың бүгінгі мына постынан көруге болады.
9 абзацтың 7-еуінде президентке мадақ айту, иілу, “көпшік” қою.
Есі дұрыс елде парламент азаматтардың өкілдері заң шығару арқылы сайлаушылардың мүддесін қорғайтын саяси институт. Қазақстан жағдайында парламент автократтың қалаған заңын қалаған уақытта шығарып беретін қолбаласы. Одан қалса, эгоцентрист президенттің эгосын қанағаттандырушылардың клубы, деп жазды Шалқар Нұрсейіт.
Қазір Қошанов және қалған 97 депутат “Аманат” пен спутник партиялардың мүшелерінің Мәжілістегі өкілі. Ол жасанды партиялардағы мүшелердің саны көп болса 1-1,5 млн адам. Оның өзі қағаздағы сандар. Елде 12 млн электорат бар десек, қалған 10,5-11 млн сайлаушының өкілдері парламенттің қос палатасында жоқ деген сөз.
Ең бастысы, парламенттің негізгі функциясын “түсінбейтін”, лоялист-оппорутинст Қошанов пен қалған 97 депутат алдыңғы жеті шақырылым депутаттары секілді парламентті институт ретінде көз алдымызда дискредитациялап ғана қойып жатқан жоқ, сонымен қатар “халықтың қалаулысы” деген пафосқа толы атты жамылып, Қаңтар қырғынынан кейінгі Тоқаев дәуірінде авторитаризмнің терең тамыр жаюына күн сайын үлес қосып жатыр.