Қазір 47 саяси тұтқын бар.
47 саяси тұтқынның 30-ы түрмеде, 17-сі тергеу изоляторында отыр. Олар билік әрекетін сынап, азаматтық белсенділігі үшін саяси қудалауға ұшыраған. Бұл туралы телеграм-арнасында саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт жазды.
Жуырда Думан Мұхаммедкәрімнің қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Биыл журналист бірнеше рет ұсталып, қамалды. Ол «экстремизм» бойынша сотталуы мүмкін.
Марафоншы Марат Жыланбаевқа да осы бап бойынша айып тағылған.
Кеше Антикор Павлодар облысының экс-әкімі Ғалымжан Жақияновқа қарсы тергеу басталғанын хабарлады.
Шалқар Нұрсейіттің жазуынша, 20 жыл бұрынғы қылмыстық іс қайта қозғалған. Жақиянов кейінгі кезде саяси көзқарасын ашық айтып жүрген еді.