Плацкарт вагон қызметі 11%, купе вагон қызметі 9% қымбаттады.
2023 жылдың қаңтар–қыркүйегінде теміржол көлігімен 308,1 млн тонна жүк пен багаж тасымалданды, бұл былтырғыдан 0,7% артық.
Үш тоқсанның қорытындысы бойынша теміржол көлігінің жүк айналымы 243 млрд ткм, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5% артық.
Жүк тасымалының ең көп көлемі Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе облыстарында, ең азы Алматы, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында болды.
Саладағы жолаушылар тасымалы 2023 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 15,1 млн болды, бұл былтырғыдан 2,9% артық.
Жолаушылар айналымы 12,4 млрд жкм болды, былтырғыдан 0,9% аз.
Ең көп жолаушы Астанада тасымалданды: 4,2 млн адам, бір жылда 18,9% көбейген. Одан кейін Ақтөбе және Қызылорда облыстары келеді. Ең төменгі көрсеткіш Алматы облысында тіркелді: жыл басынан бері небәрі 145,5 мың жолаушы.
Биыл қыркүйек айының соңында ҚР-да жолаушылар теміржол көлігі қызметтерінің бағасы бір жылда 10,5% өсті. Қала сыртына қатынайтын пойызда жол жүру бағасы 10,7%, республикаішілік пойыздың плацкарт вагонында — 11,3%, республикаішілік пойыздың купе вагонында — 9,4% қымбаттады.
Өңірлер бойынша Маңғыстау (30,3%), Жетісу (21,1%) және Солтүстік Қазақстан (20,2%) облыстарында айтарлықтай қымбаттады.
Бағаның ең аз өсуі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: 2,4%. Тағы екі облыста — Қызылорда және Атырау облыстарында жолаушылар теміржол көлігі қызметі тиісінше 1% және 6,2% арзандады.