Тоқаев тапсырма берді. Президент халыққа Жолдауында еліміздің көші-қон саясатын жетілдіруді тапсырды. Осыған орай шетелдіктер үшін визаның ерекше түрлері енгізілетін болады.
Елімізде үздік мамандар тапшы екені бәріне белгілі. Бұл ретте 100 үздік шетелдік маманды тартудың тетігі көзделетін болады. Яғни осы шара арқылы өндірісте жұмыс істей алатын қазақстандықтар дайындалады.
«Бағалы дағдыларға арналған виза»
Бұл визаның түрі 100 шетел азаматтарын елге тартып, Қазақстанда тұруға рұқсат береді. Яғни қазақстандық кадрларды озық даярлау үшін үнемі жаңартылып отыратын бағалы дағдылар рейтингі (тапшы кәсіптер мен мамандықтар) қалыптастырылады.
«Инвестициялық виза»
ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстан экономикасына бір мезгілде 300 мың АҚШ долларын инвестициялаған шетелдік бизнесмендер үшін инвестициялық және іскерлік визалар алу мүмкіндігі бар. Олар Қазақстанда 10 жыл өмір сүре алады. Виза иесі бизнесті тіркеуге, мүлікке иелік етуге, қаржылық операцияларды жүргізуге мүмкіндік алады.
«Ғылыми-педагогикалық виза»
Сұранысқа ие мамандықтар бойынша 100 үздік оқытушыны және сұранысқа ие технологиялар бойынша ғалымдар тартылады. Бұл ретте шетелдік ғалымдар мен оқытушылар үшін тұруға ықтиярхат, ал кейіннен Қазақстан азаматтығын алу құқығы беріледі (кем дегенде 10 жылға).