Белгілі экономист Эльдар Шамсутдинов өзінің телеграм-арнасында Қазақстандағы инфляцияның қолдан жасалғандығы және портфельдің табыстылығы бойынша мотивацияның жоқтығы туралы жазды.
Сөзбе-сөз:
«БЖЗҚ зейнетақы портфелін инвестициялау туралы есебінен:
«2022 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар орташа жылдық кірістілігі 14,4%-бен 2,4 трлн теңге сомасына, сондай-ақ “Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясындағы ЕДБ облигациялары орташа жылдық кірістілігі 18,8%-бен 26,6 млрд теңге сомасына сатып алынды».
Бұл нені білдіреді?
«Қарапайым заттар экономикасы» аясындағы несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына ~ 8% құрайды, яғни біреу БЖЗҚ-на облигация мен несие арасындағы 10,8% пайыздық айырманы өтеуі керек. Басып шығару керек десе болады.
Бұл ретте қазақстандық банктерде 10 жылдық депозиттерге орташа жылдық мөлшерлемесі 9,14%-бен 194 млрд теңге орналастырылған.
Бұл жерде бір нюанс бар: депозиттік келісім-шарттар әдетте бір жылға жасалады, содан кейін ұзартылады, яғни БЖЗҚ ақша құнының өсетінін түсінсе, ұзарту кезінде депозиттер бойынша жоғары сыйақы сұрай алады. Мысалы, қазір 16,4%-ды құрайтын TONIA деңгейінде мөлшерлеме сұрауы мүмкін.
Дәл қазір 197 млрд теңге зейнетақы ақшасынан біз жылына ~ 7,26% мөлшерінде табысты алмай отырмыз».