Бұл туралы саяхаттанушы-блогер Александр Снитовский арнайы видео түсірген екен. Ащы шындық. Бұл мәселені үкіметтің отырысында көтерсек-қой, шіркін.
Қазақстанның көрікті жерлері жетерлік. Әр бір турист елімізге келген сайын оны өз көзімен көріп, рахаттанады. Біз де елімізбен мақтанамыз. Бірақ…
Экологиялық төлемдер.
Туристер де, жергілікті тұрғындар да бұл ақшаның қайда, кімнің қалтасына түсетінін айта алмайды. Өйткені бәрібір қайда барсаңыз да қоқыс толып жатыр. Қазақстанда қандай да бір жерді көргің келсе, көлге, тауға бару үшін де ақша төлеп кіресің.
Табиғаты дәл осындай Финляндия мен Норвегия елдерінде мұндай сорақылық жоқ.
Ақылы дәретханалар мүлде ұят нәрсе. Сасық, қорқынышты дәретханалардың құны - 100 теңге.
Қазақтар өз еліне, өз табиғатына немқұрайлы қарайтыны мені таң қалдырды. Дәл қазір менің көзімше қазақтар Көлсай көліне қоқыс лақтырды.
дейді саяхаттанушы.
Қос стандарттар.
Көлікпен кіруге болмайтын көрікті жерлер бар, бірақ бұл заң кейбір азаматтарды айналып өтеді. Сіздің жоғары жақта байланыстарыңыз болса, немесе шекарада тұрған күзетшілердің қолына ақша ұстатсаңыз болды. Немесе сол шекара маңында заңсыз қызмет көрсетіп жүрген такси жүргізушілерін жалдасаңыз сізге кез-келген жол ашық.
Бір қызығы, мұндай схеманы полиция қызметкерлері де, шекарашылар да, такси жүргізушілері де қалыпты жағдай деп қабылдайды.
Туристік компаниялар да біліп отыр. Кез-келген жерде ақшаңды сыпырып алатын орынға қалайша барасың? Ұйымдастырып отырған адамдарға қалай сенесің?
Толық қызмет көрсетілмейді, соғыстан қалған ескі автобустар тасып жүр, қауіпсіздік атымен жоқ.
Бірақ бұл фирмаларды біреу қаржыландырап отыр ғой, қалайша?
Жемқорлыққа батып қалған елімізге шетелдік турист енді аяғын аттап басар ма екен?