Оған Ресейге салынған санкциялар қатты тиді.
Банк секторы 2022 жылдың алғашқы 9 айы бойынша аудиттелмеген қортындыларын шығара бастады.
«ВТБ Қазақстан» АҚ былтырғы 9 айда 37,1 миллиард теңге таза шығынға батқан. Мысалы, 2021 жылы банк табысты болатын және жылды 8,3 миллиард теңге кіріспен аяқтаған.
2021 жылы банк клиенттердің 391 миллиард теңге депозитін ұстап отырған еді. 2022 жылдың қыркүйегінде сол сомадан тек 54,5 миллиард теңге ғана қалды. Клиенттердің барлығы дерлік кетіп қалды.
Банк кассасында 2021 жылы 260 миллиард теңге жатса, енді содан қалғаны 71 миллиард қана.
Қазақстандағы ВТБ толығымен Ресейдегі ВТБ банкіне тиесілі. 2022 жылы банк өзінің Қазақстандағы еншілес ұйымына қаржылай қолдау көрсеткен болатын. Бірақ ол мәселені түбегейлі шеше алмады. Және бәрібір ол ақшаны біздегі ВТБ акционеріне қайтарып беруі тиіс.
Банк жабыла ма? ВТБ Сбербанк немесе Альфаның жолымен жүрмеді. Яғни, Қазақстан үкіметіне немесе басқа банктерге сатылмады. Біздің ойымызша, Ресейдегі ВТБ-ның 2022 жылғы көрсеткіштерін күту керек. Сонда көп нәрсе анық болады.