Қайрат Боранбаевқа қатысты шыққан сот үкімінің күші жойылды.
Заң дегеніміз өрмекшінің торы сияқты, әлсіздер оған тұтылып қалады, ал күштілер одан қашан да құтылып кете береді,
деген антика ойшылдардың сөзі дәл біздің елге айтылған дерсің.
Ресей газының бағасы туралы ақпаратты қамтитын құжаттың түпнұсқасының болмауына байланысты Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты алдында шығарылған сот үкімінің күшін жойды.
Оған себеп — «ҚазТрансГаз» АҚ ұсынған газ бағасы туралы Ресей тарапындағы бастапқы деректердің болмауы.
Бағадағы айырма газ бағасын көтеру түріндегі қылмыс ретінде қарастырылды.
Алайда, бұл хаттаманың түпнұсқасы жоқ болып шықты. Сот алқасы «ҚазТрансГаз» қызметкерлерінің хат-хабарларынан алынған электрондық көшірмені түпнұсқаның болмауына байланысты жеткілікті дәлел ретінде санамады.
Бұлар қаншама адамдардың бизнесін тартып алып, қаншама адамдардың көз жасын төкті кезінде?
мынау не сұмдық, деп жазды Құрал Сейтханұлы.