Қазақстанда жаңа институт құрылады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, мекеме Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты деп аталмақ. Министрлік тиісті қаулы жобасын әзірлеп қойған.
Институт Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын, су деңгейінің төмендеуі проблемасын, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалығының популяциясын, ихтиофаунаны, акватория мен теңіз жағалауын сақтау мәселелерін зерттейтін болады.
Тағы бір бағыт – Каспий маңындағы басқа мемлекеттердегі әріптестермен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Сонымен қатар, институт Каспий теңізі экожүйесінің барлық аймағы бойынша объектив және тәуелсіз ақпарат беретін болады,
деп хабарлады СРИМ.