Гиннес рекордтар кітабына екі мәрте енген, стритлифтинг және стритворкауттан әлем чемпионатында жеті медаль жеңіп алған ақтаулық Ильдар Ягяев Англияда қырыққабат теріп жүр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Танымал спортшының жат елде қырыққабат пен брокколи теріп, ақша тауып жүргенін Lada.kz жазды. Онда қазақстандық Ильдар Ягяевтің сұхбаты жарияланған. Спортшының айтуынша, Англияға ол ақша табу мақсатында барған. Қазір сондағы өзге де жұмысшылармен фермада тұрып жатыр екен.
Қазір трактор айдаймын. Егіс алқабына барып қырыққабат пен брокооли тереміз. Табысы жаман емес. Болашақта Қазақстаннан бала-шағамды осында көшіріп алсам ба деген ойым бар. Өйткені олардың болашағын елмен байланыстырғым келмейді,
дейді спортшы.
Айта кетейік, Ильдар Ягяев стритлифтинг және стритворкауттан әлем чемпионатында жеті мдальға қол жеткізген спортшы.
Оның алдында 45 жастағы қазақ әйелінің Англияда құлпынай теріп Қазақстандағы несиесін төлеп жүргені туралы жазған едік.
Ал дипломы бар жастар өз елінде жұмыс таппай, Еуропаның даласында пияз теріп жүргені де қоғамды алаңдатып отыр.