Categories: Экономика

Қазақстандық балалар 18-ге толғанда қанша ақша алады? – экономист есебі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында «Балаларға арналған ұлттық қорды» іске қосу аса маңызды» деп мәлімдеді.

Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты табыс алуы керек, сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында принципті жаңа бағдарлама – «Балаларға арналған ұлттық қорды» іске қосу аса маңызды деп есептеймін. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балаларды мерзімінен бұрын алу құқығынсыз 18 жасқа толғанға дейін әлеуметтік жинақ шоттарына аударуды ұсынамын,

Тоқаев Жолдауында.

Бұл дегеніміз, балалардың болашағына инвестиция жасалады деген сөз. Осы орайда, экономистер мен сарапшылар әр баланың шотына жыл сайын қанша ақша түсетінін есептеп шығарды.

Экомист Мақсат Халықтың есептеуінше, қазіргі кезде Ұлттық қордың инвестициялық табысы мәз емес. Дей тұрғанмен, жылына кем дегенде 10 пайыз кіріске қол жеткізуге болады.

Президентіміз Жолдауда бала капиталын құру мәселесін дұрыс көтерді. Ұлттық қордың негізгі миссиясы – келешек ұрпаққа қор қалдыру. Сондықтан осы функциясын іске асыруға кірісті деп есептеймін. Осы жерде мемлекет басшысы Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызынан әрбір балаға шот ашып, аударып отыру керек екендігіне тоқталды. Мұның механизмі алдағы уақытта айтыла жатар. Бірақ өз есептеуім бойынша, қазіргі уақытта Ұлттық қорда 52,5 млрд доллар бар. Алайда оның инвестициялық табысы сын көтермейді. Бірақ жылына кем дегенде 10 пайыз кіріске қол жеткізуге болады. Ал 52,5 млрд доллар қордың 10 пайызы шамамен 5 млрд доллардан аса қаражат. Егер 5 млрд доллардың 50 пайызын балаларға үлестіріліп беруі қажет болса, ол 2,5 млрд доллар және оны еліміздегі 6 млн 100 мың балаға бөлеміз деген сөз. Бұдан шығатын санға қарайтын болсақ, шашамен жыл сайын әр балаға 400 доллардан тиеді. Бұл – теңгеге шаққан кезде шамамен 200 мың теңгеге жуық,

деді Мақсат Халық.

Оның айтуынша, мемлекет басшысы бұл жолы халықтың әл-әуқатын арттыруға баса назар аударды. Бірінші кезекте маңызды дүниелер: қымбатшылықпен күрес, ондағы мемлекеттің үлесі қалай болу керек, мемлекет негізінен монополиялық компаниялармен күресуі, тарифтерді монополиялық компаниялар үшін бекіту керектігі туралы нақты-нақты ұсыныстарын айтты.

Соның ішінде, «Байлық салығы» енгізілетін болды. Менің ойымша, бұл ең негізгі дұрыс шешімдің бірі. Себебі мемлекет енді заңды түрде Робин Гуд қызметін атқаратын болады. Бай азаматтардан көп салық алып, ол салықты негізінен әлеуметтік осал топтың жағдайын жақсартуға жұмсайды деп айтуға негіз бар,

деді экономист.
Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago