«Ұлттық байлықты балалардың шотына аудару мәселесі өте-өте кеш көтерілді» — саясаттанушы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын халық әлеуметтік желілерде жан-жақты талқылап жатыр. Бірі өзгерістерді мақұлдап, мемлекет басшысына сенім білдірсе, бірі кезектен тыс сайлау алдында ұпай жинаудың тәсілі деп бағалады. Әсіресе жұрт бағаны енді мемлекет бақылауда ұстамайтынына наразы. Онсыз да қымбатышылық жағадан алып тұрғанда енді бағалар тіпті аспандап кететініне сенімді. Сондай-ақ, қазақ тілінің жанашырлары президенттің мемлекеттік тілдің дамуы туралы бір сөз айтпағанын сынға алды.

Тәуелсіз саясаттанушы Айдос Қарсыбай Жолдауда нендей мәселелер көтерілмей қалғанын және қандай пунктер сын көтермейтінін Facebook парақшасында жазды.

Біріншіден, мемлекеттік тіл мәселесіне бір ауыз сөз қолдау болмады. Керісінше орыс тілінің мысы басқан пікір айтылды. Мемлекеттік тілдің талай жылғы жанайқайы популизмге танылды. Орыс тілін төмендетпеу керек деген сыңайдағы тапсырма министрге сілтенді. Ана тілін, қала берді мемлекеттік тілді қолдаймыз деп талай азаматтар сотталып кетті, елден қуылды. Мемлекеттік саяси мінберден қолдау болмаса жағдай осы. Сондықтан қазақ тілін «өзімізден бастау керек» деген ұстаным яғни төменнен жоғарыға бағытталған қоғамдық қозғалыс өте әлсіз және нәтижесі өте төмен. Өз-өздерін жұбату ғана. Мемлекттік тіл жоғарыдан төменге бағытталған саяси шешім арқылы ғана стратегиялық күшке ие бола алады,

дейді саясаттанушы.

Екіншіден, Айдос Қарсыбай жерді жеке меншікке беру мәселесін көтеру дұрыс емес деп санайды. Онсыз да көптеген қазақ аядай жер ала алмай, «құлдық» күй кешуде.

Арнайы экономикалық аймақ арқылы инвестицияға тартылған ірі компанияларға жерді жеке меншікке беру қарастырылуы қажет делінді. Алақандай жерге тұрғын үйін сала алмай, зар еңіреп жүрген қара қазақ басы «Шаңырақ», «Думан» трагедияларын бастан өткізсе, берісі сол қазақ ел иесі, жер иесі бола тұра С.Терещенко, Кулагиндердің басып алған ірі көлемдегі жерлеріне қолы жете алмай «құлдық» күй кешуде. Қандай мақсатта болмасын Жерді жеке меншікке (тұрғын үй салудан басқа) таяу 100 жылда да беруге болмайды. Ол өте маңызды ұлттық стратегия!,

деп есептейді Қарсыбай.

Тәуелсіз саясаттанушының айтуынша, алдағы болатын сайлаулар саяси өзгерістің кепілі емес. Әділетті ашық сайлау орын алуы үшін алғышарттар жасалынуы керек еді. Тіркелмеген саяси партиялар мен Қаңтар қасіретіне қатысты азаптау шаралары мен соттарынан кейін еркін демократиялық ұлттық қозғалыс туралы сөз айту қиын.

Төртіншілен, Ұлттық байлықтан бала 18 жасқа толғанша белгілі қаражат бөлінетін болады деген мәселе өте-өте кеш көтерілді. Өте өкінішті-ақ. Талай бұл жанайқайлар 30 жылдап көтеріліп келеді. Кейінгі 3 жылда қазіргі президент ол туралы ауыз ашпады. Тағы да бұл сайлау компаниясы үшін болғаны ма? Періште сәбидің несібесін биліктегі қарақшылар мен тонаушыларға беріп келді. Қанша қасіреттер, аянышты тағдырлар, жетім-жесірлер мен мүсәпір күй кешкен қайыршылық пен қарызбастылыққа ұрынған ұлтымыздың қарызын қалай қайтарамыз?! Кедейлеу деген шағын мемелекет Монғолияда бұл бұрыннан бар еді. Енді ойланып көріңіз, қазба байлық пен жер үсті байлығы көл-көсір аса ауқатты мемлекеттің қоғамы қандай күйде?,

деп ашынды саясаттанушы.

Бесіншіден, саясаттанушының пікірінше, Қаңтар қасіретіне байланысты рақымшылық өте кеш қозғалды. Бұл да сол алдағы сайлау кампаниясы үшін болып отыр деп болжайды. Қаңтар қасіреті рақымшылықпен емес саяси ақталумен тарихта қалары анық, деп сенеді ол.

Сондай-ақ, Айдос Қарсыбай 7 жылдық мерзімге бір рет сайлану мүмкіндігі қазіргі президент үшін ғана тиімді, ал жалпы президенттік иниститут дамуы үшін бұл дұрыс емес қағида. Мұндай шешім қандай тәжірибелер мен негіздерге сүйенгені белгісіз.

7 жылға сайланған президент еш нәтижесіз, алдарқату саясатымен уақыт өткізіп кете салады. Өзіне телінген 7 жыл болған соң елді тонап-қанап қарақшы болып қашып кете салуы да мүмкін. Президенттік мерзімнің классикалық үлгісі — 4/4. Президентік институттің дамуының 200 жылдан астам тарихы бар АҚШ-та солай. Ең қолайлы формулла осы. 4 жылдан соң саяси есеп беру сыналады. Жемісті саясат болса жалғастыруға мүмкіндік беріледі. Болмаса 4 жылдан асырмай басқа саяси элитаға орын беруі тиіс,

деген пікірде саясаттанушы.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago