Ресей Орталық Азиядағы әскери күшін нығайтты. 2 қыркүйек

Шетел басылымдары қазіргі геосаясат жағдайында Қазақстан мен Орталық Азияның тағдырына шолу жасап отыр. Мән-жайына толығырақ тоқталайық.

Ресей әскерлері Қазақ жерін паналап отыр

Олар Украинада соғысқысы келмейді. Киевтегі барлау агенттігінің хабарлауынша, Ресей сарбаздары Қазақстанда қалуды жөн көріп, тұрақты жерден кетуден бас тартып отыр деп мәлімдеді MSN. Ресми себебі мынау – Ресейге жіберу үшін авиация жоқ. Ал шындығында соғыс алаңына барудан қашып отыр. Әңгіме 2022 жылғы қаңтарда Қазақстанға көшірілген әскери контингенттің бір бөлігі жайында.

Ресей Орталық Азиядағы әскерлердің дайындығын күшейтті

24 тамызда Ташкентте өткен ШЫҰ қорғаныс министрлерінің кездесуінде Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ауғанстандағы тұрақсыздықтың салдарынан Орталық Азиядағы Ресей әскерлерінің жауынгерлік дайындығын күшейтуге кірісті деп жазады The Diplomat.

Қырғызстанда Ресей әскерлері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) әскерлерінің төртінші армиясының Кант – 999 авиабазасында орналасқан. 2020 жылы Қырғызстан Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жаңғыртамыз деген. Сондай-ақ Ыстықкөл полигонында теңіз қару-жарағы болуы мүмкін деген ақпарат та бар.

Тәжікстанда Ресейдің ең ірі шетелдік әскери базаларының бірі – 201 мотоатқыштар дивизиясы орналасқан.  Оның тарихы 1945 жылдан бастау алады. Тәжікстанда шамамен 7000 сарбаз бар. 2021 жылы база 30 жаңа танкпен толықты.

Қазақтың мұнайы Қытайдың үстемдігіне жол берді деген қорқыныш — негізсіз

Қазақ қоғамында Қытай біздің мұнай-газ секторында өз ықпалын күшейтті деген қорқыныш бар. Алайда оған негіз жоқ деп хабарлайды finance.yahoo. 2023 жылы ҚР мен ҚХР мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының 25 жылдығы атап өтіледі. Қытайдың мемлекеттік мұнай-газ компаниясы «Ақтөбемұнайгаз» үлесінің 60% — ын, кейін CNPC-Aktobemunaigas компаниясын толық сатып алды. Сондай-ақ, Қытай Батыс Қазақстаннан Шыңжаңға апаратын  2200 км құбыр салды. Бірінші күннен бастап құбыр арқылы 150 млн тонна мұнай Қытайға жеткізілді. 1997 жылдан бастап қытай тарапы қазақтың шикізатына 45 млрд доллардан астам қаражат құйды.

Дегенмен, соңғы бірнеше жылда Қытайдың үлесі үнемі қысқарып келе жатқанын атап өткен жөн. 2010 жылдан бастап Қытайдың үлесі 31-ден 16% — ға дейін азайды. Тиісінше, инвестиция көлемі де 2013-2021 жылдар аралығында 3,7-ден 1,3 млрд долларға дейін төмендеді.

Соңғы 1,3 млрд доллар Қазақстанның энергетикасына салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 1% — на да жетпейді. Қазір АҚШ пен Нидерланды елдерінің компаниялары Қашаған мен Теңіз мега-жобаларындағы ірі ойыншылар болып отыр.

2020 жылы Қазақстанда 61 млн тоннадан астам мұнай өндірілді. Оның 10,5 млнға жуығы Қытай тарапына тиесілі. Шикізаттың 85 пайызы елде қалды. Іс жүзінде мұнайдың басым бөлігін Қытайға жеткізумен қазақстандық компаниялар айналысады. Дегенмен Қытай жалғыз ірі сатып алушы емес. 2021 жылы Қазақстаннан экспортталған 66 млн тонна мұнайдың 3,6-ын ғана Қытай алды. Көп бөлігі Италия, Нидерланды және Францияға кетті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago