Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан сенсация жасап, әлем чемпионатынан Қазақстанға күрес бойынша алғашқы жеңісті сыйлады.
Белградтағы күрестен әлем чемпионатында қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта бірінші орынға ие болды.
Ол үш қарсыласын 32:4 есебімен жеңді. Шешуші жекпе-жекте ол әзірбайжандық Осман Нұрмағомедовпен кездесіп, 5:2 есебімен жеңді.