Дзюдошы Әйгерім Әбілқадырова Париждегі «Үлкен Дулыға» турнирінде жасаған әрекетіне түсініктеме берді.
Әлеуметтік желіде қазақстандық дзюдошының қарсыласын тістеп алған видеосы кеңінен тарады. Көпшілік «спортшы жеңілген соң осындай әрекетке барды» деп топшылады.
Әйгерім Әбілқадырова жұртшылықтың пікіріне жауап берді.
Мен барлық диван сыншысына жауап бергім келеді. Кеше мен Париждегі Grand Slam-да бельгиялық спортшымен күрестім. Ол менің шынтақ буынымды қатты ауыртты. Оған жеңілгенім туралы белгі бердім, бірақ соған қарамастан, бельгиялық спортшы қолымды сындырды. Шынтақ буынымның сынғанын естігеннен кейін мен үмітсіздіктен және ауырсынудан оны автоматты түрде тістеп алдым. Сонымен қатар, төреші де мүлдемреакция білдірмеді және жекпе-жекті тоқтатпады,
деп түсіндірді спортшы.