Бокстан Азия чемпионатының жүлдегерлері допинг қолданғаны үшін жарыстардан шеттетілді.
Бұл туралы Қазақстанның допингке қарсы ұлттық комитеті хабарлады. Онда қазақстандық боксшылар Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серіктің допинг қолданғандардың тізіміне енгені айтылған. Енді олар үш жыл бойы жарыстарға қатыса алмайды.
Саматәлі Төлтаев – 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Сәуірде ол ұлттық құрама сапынан қуылып, Ташкентте өткен 2023 жылғы әлем чемпионатына қатыса алған жоқ.
Абзал Серік – жасөспірімдер арасындағы 2019 жылғы Азия чемпионы, 67 келі салмақтағы жастар арасындағы Азия-2023 чемпионатының жүлдегері.