Ең қымбат нөмірлер – 001, 002, 007, 777. Олардың әрқайсының құны 285 АЕК-ге дейін барады. Яғни, қазақстандықтар әрбір VIP нөмір үшін 2022 жылы 872 955 теңге төлеген.
2022 жылы VIP нөмірлерге ең көп ақша жұмсағандар – алматылықтар (2,2 млрд теңге). Қымбат көлік нөмірлеріне ең аз сұраныс Солтүстік Қазақстан облысында. Мұнда соңғы бір жылда 45 млн теңгеге 169 нөмір ғана сатып алынған.
Биылдан бастап көлік нөмірлеріне онлайн тапсырыс беруге болады. Ол үшін Smart Bridge сайтын қолдана аласыз.
Сервис мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған барлық интеграциялық платформада, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында да қолжетімді. Сонымен қатар, азаматтарға ыңғайлы болу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган осы қызметті еGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттерге шығару мәселесін пысықтап жатыр.