Жекпе-жек – делебені қоздыратын алабөтен әлем. Бірақ онда ешкім шектен шықпайды, ережелер мен ар-намыс кодексі сақталады.
ММА Қазақстанда елдің қызығушылығын көптеп туғызуда. Танымал төбелес шеберлері мен қызуқанды көрермен кәдімгідей үлкен индустрия туғызып отыр. Арасында айтулы тұлғалар кездесетін спортшыларға жүз мыңдаған жанкүйер көз тігуде.
Ең танымал спортшылар дегенде UFC-де өнер көрсететін сойқан жұдырық иелерін атауға болады. Бірақ сол лигаға қатыспаса да миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулап жүрген таланттар бар. Жанкүйерге қашан да жергілікті жұлдызы жақын.
Қазақстандық жұдырықтасушылар арасында да атақтылар аз емес. Шавкат Рахмонов, Артем Резников, Жалғас Жұмағұлов, Сергей Морозов, Дамир Исмагулов, Қайрат Ахметов, Арман Оспанов, Асылжан Бақытжанұлы, Евгений Егембердиев сияқты көпке танымал жігіттеріміз бар.
Спортшылар туралы ең соңғы эксклюзивті жаңалықтар, жекпе-жектердің фотосы мен видеосы, шолу, сараптама мен спортшылардың өздері беретін болжамдарды жариялау үшін «БОЙцовский КРУГ» телеграм-каналы ашылды.
«БОЙцовский КРУГ» – оқиғаның ортасы, эксклюзив, ащы шындық пен инсайд.
Спортшылардың өзі өткен-кеткен, алда болатын жекпе-жегі туралы бар сырын ақтарып беретін канал бұл. Тікелей, тірі әңгіме. Аралас жекпе-жекті сүйіп көретіндер үшін таптырмайтын дереккөз. Қосылайық та, күшейе түсейік.