Оңтүстіккореялық БАҚ тұрғын үй кешенінің 18-қабатынан құлаған Қазақстан азаматының қайтыс болғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz KnNews сайтына сілтеме жасай отырып.
Кимхэбу полиция бөлімшесінің мәліметі бойынша, оқиға 20 қыркүйекте таңғы сағат 8:25 шамасында болған.
А. мырза ретінде аталған 47 жастағы Қазақстан азаматы Кимхэ қаласындағы Квандон ауданындағы 18-қабаттағы пәтердің төбесіне бояу жұмыстарына арналған қорғаныс пленкасын орнатып жатқан.
Ол қорғаныс жолағын орнату үшін сауағардан өтіп бара жатып, кемерге сүрініп кетіп құлады деп болжануда.
Қайғылы оқиғадан кейін қазақстандық бірден ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны құтқара алмады.
БАҚ мәліметтері бойынша, қазақстандық заңсыз жұмыс істеген болуы мүмкін. Онымен бірге 50-ге жуық адам жұмыс істейді.
Кореяның Еңбек министрлігі жазатайым оқиғаның мән-жайын, соның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заң қаншалықты бұзылғанын, ал полиция жұмыс орнында адам өлу жағдайын қарастыруда.