Өзбекстан, Түркия және Ресей елдері көш бастап тұр.
Қазақстаннан халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жіберілген қаражат көлемі бір жылда 6% өсті.
Биылғы қаңтар–тамыз айларында Қазақстаннан халықаралық ақша аудару жүйелері (ААЖ) арқылы шетелге 685,8 млрд теңге жөнелтілді.
Бұл ретте транзакциялар саны 2,7% азайып, 1,6 млн-ды құрады, нәтижесінде бір аударым бойынша орташа түбіртек 9,4% өсіп, 418,9 мың теңгені құрады.
2022 жылдың қаңтар–тамыз айларында ААЖ арқылы шетелге аударымдар көлемінің 70%-дан сәл астамы тек үш елдің үлесіне тиді — Өзбекстан (201,7 млрд теңге), Түркия (163,6 млрд теңге) және Ресей (117,3 млрд теңге). Сондай-ақ Қырғызстан (62,5 млрд теңге) мен Грузияға (50,6 млрд теңге) да айтарлықтай көлемде ақша аударылды.
Қазақстаннан шетелге аударымдардың едәуір бөлігі АҚШ долларымен жүзеге асырылады: мысалы, аударымдардағы доллардың орташа айлық үлесі 2021 жылы 78,2%-ды құрады, ал биылғы 8 айда көрсеткіш 73,7%-ға төмендеді.
Қазақстаннан шетелге ұлттық валютадағы аударымдар үлесі, керісінше, өсті.
Биыл еуродағы аударымдардың үлесі ААЖ арқылы аударылған қаражаттың жалпы сомасының 1%–1,4%-дан 0,2%-ға дейін төмендеді.
Аударымдардың ең көп көлемі «Золотая Корона» жүйеге тиесілі: 535,9 млрд теңге, бұл ААЖ арқылы шетелге жіберілген қаражаттың жалпы көлемінің 78,1%-ын құрады.
Сондай-ақ айтарлықтай аударым көлемі Contact (82,8 млрд теңге) және Western Union (42,1 млрд теңге) компанияларына да тиесілі.