Мамандар жүйедегі ақауды жоюмен айналысып жатыр.
Қазіргі уақытта eGov.kz порталының, ашық үкімет порталының, eGov mobile қосымшасының және жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасының құрамдас бөліктері дұрыс жұмыс істемей тұр. Оған қоса, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктерде мемлекеттік қызмет көрсетілмей жатыр.
Қазіргі уақытта бұл порталдардың жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Жақын арада қалпына келеді деп күтіп отырмыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз,
делінген eGov.kz хабарламасында.
Айта кетейік, бұл сайтқа кіре алмай жатқан бірінші жағдай емес.
Бұған дейін eGov.kz порталында жаңа мекенжай анықтамалық сервисі пайда болды. Оның арқасында азаматтар нотариуста, банктерде және басқа да ұйымдарда мүлікті ресімдерде оның сату кезінде мекенжайының өзгеру тарихын, мүлік кепілін көре алады.