Биыл сәуір мен мамыр аралығында дүкендегі самокаттардың саудасы 23 пайызға төмендеген. Бұл туралы Хабар 24 жаңалықтар қызметі хабарлайды.
Мәжіліс электр самокаттардың қозғалысын реттейтін жаңа ережені бекітті. Сенат мақұлдаса, самокат иелері 6 км/сағат жылдамдықпен ғана жүре алады. Ал көлік ағынымен ілесу үшін арнайы шлем мен жарық шағылыстыратын киім кию міндеттеледі. Тағы жүргізуші куәлігі де болу талап етіледі.
Жаңа талап қоғамда талқыланғаннан бері самокатқа сұраныс төмендеген.
Мұның басты себебі, жаңа заң жобасы болып отырған жоқ. Халық арасында жылдам тарап кеткен әр түрлі жаңалықтар әсер етіп отыр. Сондықтан олар бұл көлік түрін пайдаланудың тиімділігі жоқ деген пікір қалыптасты.
Бірі жалға алған тиімді десе де, енді бірі заң күшіне енгеннен кейін тәртіп күшейсе, самокатпен жүру тиімсіз болады деп санайды.
Бұдан бұрын мопед пен электросамокат мінетіндерге қойылатын талаптар туралы жаздық.