Былтыр еліміздегі интернет-платформаларда жалған ақпарат тартудың 278 фактісі анықталған.
Оның 247-і kaztag.kz, caravan.kz, ulusmedia.kz және басқа да сайттарда таратылған. Ал, «Facebook» желісінде — 83, «Instagram» желісінде — 74, «Telegram» желісінде — 56, «Tiktok» желісінде — 7, «Youtube» хостингінде — 27, интернет-ресурстарда таратылған 31 жалған ақпарат бар.
Жалған ақпараттың (фейк ақпарат) таралу фактілері барған сайын кеңінен тарала бастағанын ескере отырып, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, айыппұл түріндегі санкцияны анықтай отырып, бір жыл ішінде қайталап жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауаптылықты белгілеген жөн,
делінген құжатта.
Осыған байланысты депутаттар бастамасымен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне жаңа 456-2-бабы (Жалған ақпаратты орналастыру, тарату) енгізілмек. Онда блогерлер мен ақпараттық порталдар тарататын жалған ақпарат үшін айыппұл салу көзделген.