Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
3 өңірде жалған құжатпен көлік заңдастырылған
05.12.2023
«VIP-Айка» клиенттерінің қатарында әнші Қайрат Нұртас жүр
05.12.2023
Қазақ әндерін кемсітті деп сынға қалған радио директоры халықтан кешірім сұрады
05.12.2023
Қазақстанда нашақорлар саны 150 мыңға жетті
05.12.2023
Шенеуніктерді жауапқа тарту керек
05.12.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Қазақстандықтар самокатқа тыйым салуды талап етіп жатыр
Қоғам

Қазақстандықтар самокатқа тыйым салуды талап етіп жатыр

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 05.10.2023
Обновлено 05.10.2023 в 05:10
Поделиться
Поделиться

Күні кеше Алматыда самокат тізгіндеген 13 жастағы және мопед мінген 17 жастағы жасөспірім қаза тапты. Екеуін де жүк көлігі қағып кеткен. Аталған оқиғаға қатысты желі қолданушылары елімізде скутер мен самокатты жалға алуға тыйым салу қажеттігін айтып дабыл қағуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Олардың айтуынша, самокат және мопедті жалға алудың соңы жүргізушілердің де өмірін құртты. 

Бір аптада екі адамның өліміне әкелді. Екеуі де бала. Қаза болғандардың отбасына көңіл айтамын. Қаза болғандар мен жүргізушілердің отбасына өте ауыр. Жүргізушілерге жаным ашиды. Олардың да отбасына қиыншылық келді. Бұл мәселенің екінші жағы да бар. Көлік апаттары туралы жиі  естиміз. Бірақ жарақат алған жаяу жүргіншілерге статистика жүргізе ме? Кейде желіде тұрғындар самокат тізгіндегендермен болған қақтығыстары туралы айтып жатады. Менің ойымша, бұған тексеріс жүргізбейді, тіпті статистика жоқ. Адамдар да арызданбайтын сияқты. Түптеп келгенде, биліктің әрекетсіздігі осыған әкелді. Әр мәселенің екі жағы бар,

деді желі қолданушыларының бірі.

Сондай-ақ келесі бір желі қолданушысының айтуынша, Парижде самокатты қолдануға тыйым салынған. Бұл ережені біздің елге де енгізу керек дейді ол.  

Париж электрлі самокатты жалға алуға тыйым салған Еуропадағы алғашқы ел. Нәтижесінде, бұл құрылғылардың 15 мыңы Париж көшелерінен алынды. Бұл шешім сәуір айында өткен дауыс беру нәтижелері бойынша қабылданды. Біздің елде де тыйым салу керек,

деді Оксана есімді желі белсендісі.

Ал желі белсенділерінің кейбір бөлігі жол апатына электрлі самокат тізгіндегендер емес нашар жол мен жүргізушілердің сауатсыздығы кінәлі дейді олар.

Бұл жерде самокаттың не қатысы бар. Өлімге жеңіл көліктер мен жүк көлігінің жүргізушілері кінәлі. Жол апатының алдын алу үшін самокатқа тыйым салмай, қаладағы көліктердің жылдамдығын мен санын азайту керек. Мәселен, көлік апатынан болған өлім статистикасын қайда қалдырамыз? Мұндай жағдайда да көліктерге тыйым саламыз ба? Көлік апатынан жүздеген адам өлімі тіркеліп жатыр, тіпті самокат жүргізушісін (оқиғаға кінәлі емес) көлік қағып кетсе, тағы да самокатқа тыйым салу керек пе?  

деді Facebook белсендісі.

«Балалар мен ересектерге тыйым салуды ұсынып отырсыздар. Бірақ оның салдарынан болатын жол апатына самокат тізгіндегендер емес инфрақұрылымның нашарлығы мен жүргізушілердің сауатсыздығы кінәлі. Біздің нашар жолдардағы құрбан болғандардың саны соғыста қаза болғандардың санымен сәйкес келеді. Жылдамдықты азайту туралы ұсынысты қолға алу керек. Самокатпен келе жатқан балалар ережені бұзбай-ақ қаза тауып жатыр. Ал көпшілігі оларды кінәлайды», – деді желі қолданушысы Вадим Винокуров. 

Айта кетейік, 4 қазан күні Алматыда жүк көлігі самокат мінген 13 жастағы жасөспірімді басып кеткен болатын. Жантүршігерлік оқиға Тимирязев көшесінде болған. Ал екінші жағдай да күні кеше болған еді. 17 жастағы мопедисті жүк көлігі қағып, жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Ал оның жанындағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді. 

Анара Бауыржанқызы 05.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • 3 өңірде жалған құжатпен көлік заңдастырылған
  • «VIP-Айка» клиенттерінің қатарында әнші Қайрат Нұртас жүр
  • Қазақ әндерін кемсітті деп сынға қалған радио директоры халықтан кешірім сұрады
  • Қазақстанда нашақорлар саны 150 мыңға жетті
  • Шенеуніктерді жауапқа тарту керек

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Қоғам

3 өңірде жалған құжатпен көлік заңдастырылған

05.12.2023
Қоғам

Шенеуніктерді жауапқа тарту керек

05.12.2023
Қоғам

Қазақстанда кино билеті қымбат. ТМД елдерімен салыстырғанда

05.12.2023
Қоғам

Президент Халықаралық волонтер күнімен құттықтады

05.12.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?