Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды
26.09.2023
Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады
26.09.2023
Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды
25.09.2023
Алматы облысы мәдениет және архив басқармасында басшы ауысты
25.09.2023
Сириядан соғысқан Ұлытау тұрғынына үкім шықты
25.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Қазақстандықтар сот жүйесіне неге сенбейді?
Қоғам

Қазақстандықтар сот жүйесіне неге сенбейді?

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 22.08.2023
Обновлено 22.08.2023 в 05:08
Поделиться
Поделиться

Биыл сәуір-мамырда ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы жүргізген «Халықтың құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне сенімінің деңгейі» іріктеу сауалнамасы бойынша, респонденттердің 55%-ы сот жүйесіне толық сенім артса, 31%-ы оларға ішінара сенеді.

Бұл ретте респонденттердің 3,7%-ы сенбейді, ал 4%-ы толық сенімсіздік танытты. Респонденттердің 6,1%-ы жауап беруге қиналған.

Сот жүйесіне деген сенімсіздіктің негізгі себептері оларды сыбайлас жемқор деп санау (27,9%), атқарушы билік пен құқық қорғау органдарына тәуелділігі (27,4%). Әрбір бесінші респондент сот жүйесіне сенбейді, өйткені олармен ешқашан кездеспеген; бұл ретте респонденттердің 18,7%-ы осы органдармен бұрын кездесіп, оң нәтиже алмаған.

Респонденттердің 16,4%-ы қазақстандық сот жүйесінен қорқады, ал 15,5%-ы судьялардың кәсіби деңгейінің төмендігін атап өтті. Сонымен қатар, сот жүйесіне сенуге дайын емес әрбір оныншы респондент сенімсіздіктің себебі ретінде БАҚ-тағы ақпаратты атайды.

Айта кету керек, бұрын жазғанымыздай, Wall Street Journal және Heritage Foundation зерттеу орталығы жыл сайын жүргізетін экономикалық еркіндік деңгейін зерттеу нәтижелері бойынша жалпы индексті құрайтын 12 компоненттің ішінде, Құқықтық жүйенің тиімділігі жағынан Қазақстан ең төменгі көрсеткішке ие: 100-ден 34.

ҚР өңірлері арасында сот жүйесіне сенбейтінін атап өткен респонденттердің үлесі айтарлықтай өзгереді: Жетісуда 0,3%-дан Маңғыстау облысында 16,3%-ға дейін. Бұл органдарға сенбейтіндердің едәуір бөлігі Батыс Қазақстан облысында (15,2%) және Астанада (11,1%) да бар.

Сот жүйесіне толық сенімсіздікке келетін болсақ, ҚР өңірлері арасында ең жоғары көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында тіркелді, онда мұндай респонденттердің үлесі бірден 22,6%-ды құрады. Одан кейінгі орында Астана (9,3%) және Маңғыстау облысы (7,7%).

ҚР өңірлері арасында сот жүйесіне сенімсіздік тудыратын себептердің бірі ретінде сыбайлас жемқорлықты атайтындардың басым бөлігі Қызылорда облысында тіркелді: бірден 71,1%. Одан кейінгі орында Астана (46,2%) және Қарағанды облысы (42,3%). Бұл санаттағы ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау және Түркістан облыстарында: тиісінше 4,2% және 8,5%.

ТЕГи: Қазақстан
Арман Ерғалиев 22.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды
  • Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады
  • Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды
  • Алматы облысы мәдениет және архив басқармасында басшы ауысты
  • Сириядан соғысқан Ұлытау тұрғынына үкім шықты

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ЖемқорлықОқиға

Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды

26.09.2023
Қоғам

Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады

26.09.2023
Қоғам

Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды

25.09.2023
Қоғам

Қазақстанда ақбөкен саны 1,9 миллионға жетті

25.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?