Елордада өтіп жатқан алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі халықаралық конференцияда сөз алған Дүниежүзлік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Қазақстанды өз елі санайтынын айтты, деп хабарлайды Kazinform.
Құрметті құда, құрметті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев! Мен үшін Қазақстанға оралу зор мәртебе. Қазақстанды өзімнің елім деп санаймын,
деді Тедрос Гебрейесус сөз басында.
Кейін ол алғашқы медициналық-санитариялық көмек бағытындағы ілкімді істері үшін Президент пен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа алғыс білдірді.
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дұрыс дамыта отырып, халықтың әл-ауқатын көтерді,
деп тоқталды Тедрос Гебрейесус.
Айта кетейік, Дүниежүзлік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус — ақын Жүрсін Ерманның құдасы.
Қоса кетсек, аталған конференцияға қатысып жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы медициналық көмек қызметін үйлестіретін жаһандық коалиция құруды ұсынды.