Categories: Қоғам

Қазақстандық жемқорлардан қанша қаржы жиналғаны белгілі болды

ҚР Қаржы министрлігі қазынашылығының арнайы шотында 120 млрд теңге жинақталған. Жемқорлардан алынған бұл қаржы ел бойынша мектеп құрылысына жұмсалады.

Бұл туралы Сенат кулуарында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті.

Бірінші кезекте бұл ақша мектептерді жөндеу жұмыстарына бағытталмақ.

Қазіргі уақытта бұл шотта 120 млрд теңге бар. Біз Оқу-ағарту министрлігінен өтінімдер күтеміз. Жөндеуді қажет ететін мектептерге ақша бөлеміз. Ең әуелі үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі, онда оқу бөлмелерін кеңейту жұмыстарын жүргізу қажет. Өтінімдерді жинақталғаннан кейін республикалық бюджет комиссиясына шығарамыз, содан кейін бұл ақшаны өңірлерге жібереміз,

деді Ерұлан Жамаубаев.

Сондай-ақ, Қаржы министрінің сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыру әлі жалғасуда. Оны үш жыл бойы ұстау шығыны –  5,6 млрд теңге. Бірақ алдағы айларда қаржыландыру азаяды немесе тоқтатылуы мүмкін.

Айта кетейік, елімізде жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарға сыйақы төленеді. Мәселен, өткен жылы Ақмола облысында парақорларды ұстап берген 13 адамға 2,1 млн теңге сыйақы берілді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago