Жаз соңына дейін рұқсат берілді.
Қазақстан үкіметі 2022 жылғы 18 шілдедегі «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады.
Екінші деңгейлі банктерге Қазақстан Республикасынан 2022 жылғы 31 тамызға дейін 2022 жылғы 1 шілдедегі сағат 23:59-да кассада жиналған көлем шегінде қолма-қол Ресей рублін шығаруға рұқсат етілсін,
делінген құжатта.
Қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Еске салайық, 2022 жылғы наурызда мемлекет басшысының елден 10 мың АҚШ долларынан көп шетел валютасын шығаруды шектеу туралы жарлығы шықты. Бұл шара қолма-қол шетел валютасына алыпсатарлардың сұраныс қысымын азайтуға және елден шетел валютасын шығару қаупін жоюға мүмкіндік берді. Кейінірек Ұлттық банк Қазақстан банктерінде қолма-қол рубль жиналып қалғанын хабарлаған еді.