Адвокаттың сөзінше, олардың саны негізінен жиырмаға жуық. 18-25 жастағы жігіттер. Полиция оларды кейінгі бірер ай ішінде «есірткі тасыды» деп ұстаған.
Әке-шешелері зар илеп отыр. Шымкенттік Динара есімді әйелдің 19 жастағы ұлы Елдар күздің басында мессенджер арқылы жұмыс тауып, Красноярскіге кеткен. Барлық шығынын жұмыс беруші төлеген. Қазанның соңында Динараға тергеуші хабарласып, ұлының «есірткі тасымақ болды» деп ұсталғанын хабарлаған.
Балажанова Красноярскіге аттанып, түрмеде Елдармен кездескен. Оның сөзінше, ұлы сөз арасында өзіне «соғысқа барсаң, бостандық береміз» деген ұсыныс түскенін айтқан. Тап осындай ұсыныс басқа жігіттерге де түскен. Зульфира Исмаилова 22 жастағы ұлы Тахирді соғысқа баруға мәжбүрледі ме деп қауіптенеді.
«Есірткі тасыдым деп мойындамасам қиын болатын еді, мама. Мойындамасам мені көрмей де кететін бе едіңіз? Сіздер мені іздеп кетпеу үшін мойындадым» деді.
Соғыс туралы айта алмайды ғой. Түрмеде кездесуде маған: «Соғысқа барып келсем, тез қайтады екенмін» деді. «Ешқашан соғысқа баруға қол қойма, сен қол қойып қойдың ба?» деген кезде, баламның түрі бұзылып кетті, — дейді Зульфира.
Адвокат бұл азаматтардың Ресейге жеткен соң бір-екі ай ішінде ұсталғанын, істің күмәнді екенін айтады. Ресейдегі мигранттар құқығын қорғаушы соғыс басталғалы «есірткі тасу» бабымен ұсталатындар күрт көбейіп кеткенін айтады.
Ата-аналардың биліктен көмек сұраған видеосын мынау сілтеме арқылы көре аласыздар.