Медициналық ұйымдарда екі немесе одан да көп айдан астам «жатып қалған» дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың үлкен қоры бар.
МӘМС (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) мен ММК қаражаты науқастарды емдеуге емес, басқа мақсаттарға бағытталған екен.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» АҚ коммерциялық емес қорының басқарма төрағасы Сәбит Ахметов осылай ақталды ма, әлде дұрысын ашып айтты ма, бір хабарын берді.
2022 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры бүкіл ел бойынша әртүрлі медициналық ұйымдарға шықты, нәтижесінде оларда үлкен несиелік берешек бар екені белгілі болды.
Оның айтуынша, медициналық ұйымдарда білікті басқару жолға қойылмаған. Сондықтан олардың барлығына аудиттік тексеру жүргізу керек.