Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Дін > Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін ескеру қажет
Дін

Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін ескеру қажет

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 16.06.2023
Обновлено 16.06.2023 в 04:06
Поделиться
Поделиться

Алматыда жазғы демалыс қарсаңында халық арасында діни экстремизм мен терроризм идеяларының алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар өтті. Бұл маңызды істе Діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы маңызды рөл атқарады.

Жобаға жетекшілік еткен Алматы қаласы Дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының жетекшісі Дулат Ибрагимов іс-шаралардың маңызы мен мақсаты жайлы айтып берді.

– Біздің қала жас, мұнда көптеген жоғары оқу орындары, колледждер, орта білім беретін оқу орындары шоғырланған. Ресми статистикаға сәйкес, Алматыда екі миллион адам тұрады. Тиісінше, біздің Дін мәселелерін зерттеу орталығының негізгі міндеттерінің бірі – діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша топтық жұмыстар жүргізу. Жыл сайын қоғамның белгілі бір санатына бағытталған осындай іс-шаралар өткізіліп тұрады. Студенттер іс-шаралардың фокустық тобының маңызды бөлігін құрайды. Және бұл белгілі бір жоспар бойынша атқарылатын жүйелік акциялар. Біз әртүрлі қазақ және орыс тілді аудиторияларда түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Жыл сайын осындай іс-шаралар аясында барлық спикерлерді, сарапшыларды жинаймыз. Олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдаймыз. Дін саласына толеранттықпен, үлкен құрметпен қарау керек, сондай-ақ Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін ескеру қажет, – деп атап өтті Дулат Ибрагимов.

– Бір жыл бойы жасаған жұмыстарыңызды жаздың қарсаңында қорытындылайсыздар ма?

– Біз қорытынды кеңес өткіземіз, қорытынды шығарамыз. Қай жерде мұндай түсіндіру жұмыстарын жүргізбегенімізді, қай жерде жұмысты күшейту керектігін анықтауға тырысамыз. Орта есеппен жылына шамамен 100-120 мың адамды қамтитын 500 іс-шара өткіземіз. Бірақ тек жастармен және оқытушылармен ғана емес, сонымен қатар халықтың басқа бөлігі де бар – жеке сектор, бизнес, базарлар, сауда нүктелері және т.б.

– Студенттерді көбінесе қандай сұрақтар мазалайды?

– Оларды зайырлылық ұғымы қызықтырады. Теологтарға дін туралы, оның әртүрлі бағыттары мен көріністері туралы сұрақтар қояды.

– Профилактикалық жұмысқа қандай сарапшылар қатысады?

– Осы топтағы жұмысқа біздің жоғары оқу орындарының оқытушылары, дінтанушылар, психологтар, мәдениеттанушылар, тарихшылар тартылды. Православие шіркеуінің діни қызметкері Александр Анатольевич Суворовты жұмысқа тартамыз, оның пікірін біз өте бағалаймыз, онымен ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келеміз. Көптеген конфессия өкілдерімен де солай. Бізде командалық жұмыс бар. Бұл шаралардың барлығы азаматтарымыздың жалған діни ұйымдарға кірмеуі, оларды насихаттамауы үшін қажет.

– Азаматтардың жалған діни секталарға түсуіне жол бермеу бойынша алдын алу шаралары күнделікті жұмыстарыңызда қаншалықты қамтылады?

– Бұл біздің негізгі жұмысымыз. Сондай-ақ Алматы қаласының діни бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жүргіземіз. Бізде 17 конфессияның мүддесін қорғайтын 190 діни бірлестік бар. Біз әртүрлі себептермен олардың өкілдерімен үнемі кездесіп тұрамыз. Бұл қарапайым, тұрмыстық мәселелер де болуы мүмкін: мысалы, бізге аулада жарық жанбайды деп шағымданады. Біз тиісті ведомстволармен бірлесе жұмыс атқарып, көмектесеміз.

– Әртүрлі конфессия өкілдері қалай өзара әрекеттеседі? Қандай да бір ортақ алаң бар ма?

– Бізде ортақ діни конфессиялар клубы бар. Біз жұмыс бойынша кездесеміз, сондай-ақ бейресми түрде де бас қосамыз – бірге табиғат аясында демаламыз, сенбіліктер өткіземіз. Алматыдағы діни конфессиялар клубы сіз айтқан ортақ алаң ретінде қызмет етеді. Онда кездесулер, акциялар, іс-шаралар өткізіледі.

Соңғы рет Діни конфессиялар клубының мүшелері 31 мамырда Қарағайлы саябағында ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу күні кездесті. Іс-шараны Алматы қаласының Дін істері басқармасы, сондай-ақ Діни конфессиялар клубы ұйымдастырды.

Философия ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы Жанна Каңтарбаева дінтанушы маман ретінде студенттер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатындағы іс-шараларға қатысты. Ол колледж студенттерімен және дайындық факультеттерінің оқушыларымен кездесті.

– Менің тыңдаушыларым деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың айрықша ерекшеліктері туралы айтып беруді сұрады. Оларды қалай ажыратуға болатынын анықтадық. Жастарды діни рәсімдер мәселелері де қызықтырады. Жоғары оқу орындарында, колледждерде студенттер тарапынан намаз оқуға арналған бөлмелердің болуына байланысты өтініштер айтылды. Қыздар тарапынан хиджаб кию туралы сұрақтар қойылды, оқуға хиджабпен келгісі келетіндер бар.

Зайырлы мемлекет туралы да сұрақтар болды. Әдетте, барлығы бірдей «зайырлы мемлекеттің» не екенін дұрыс түсінбейді. Жалған діни ұйымдардың өкілдері бұл ұғымды білмейтіндері белгілі. Олардың зайырлы мемлекет туралы пікірлері теріс, жалған түсініктермен ерекшеленеді. Экстремистік ұйымдардың мүшелері зайырлы мемлекетті атеистік қоғам деп біледі. Бұл түбегейлі дұрыс емес.

Біздің мемлекет – зайырлы, діни диалогқа негізделген теңдікке, төзімділікке, толеранттыққа, өзара сыйластыққа бастайтын қоғам. Елімізде мемлекеттік заңнама негізінде түрлі діни бірлестіктердің бейбітшілікте, үйлесімде қатар өмір сүруіне жағдай жасалған. Ешқандай дінге артықшылық берілмейді. Қазақстан Республикасындағы барлық діндер тең деп танылады, – деп түйіндеді Каңтарбаева.

Айта кетейік, 2017 жылдан бастап конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласында Діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы жұмыс істейді. Оның құрамында қаланың түрлі конфессияларының 30-дан астам жетекшілері мен көшбасшылары бар.

Клуб қызметі аясында 17 конфессия мен мемлекеттік органдар арасындағы сенімгерлік қатынастардың дамуына оң ықпал ету мақсатында мерекелерге, атаулы күндерге және т.б. оқиғаларға орайластырылған түрлі мәдени, спорттық іс-шаралар мен жиналыстар өткізіледі.

Осылайша, 2022 жылы Клуб аясында 16 іс-шара, оның ішінде жиналыстар, түрлі спорттық, мәдени-демалыс іс-шаралары жүзеге асырылды. Солардың бірі – Рухани келісім күніне орай «Бірлік әр алуандықта» тақырыбында республикалық форум өтті, сондай-ақ үздік видеоқұттықтауға конкурс ұйымдастырылды. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табуда.

Клубты құрудағы басты мақсат барлық осы конфессиялардың көшбасшыларын біріктіріп, олардың арасындағы, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен аталған конфессиялар арасындағы диалогты жолға қою болды.

Бүгінгі таңда конфессия көшбасшылары арасындағы диалог мультипликативті әсер беріп, діни бірлестіктер қатысушылары мен олардың ізбасарлары арасында одан әрі дами түсті.

Осы орайда, күнделікті қажырлы еңбегімен Қазақстан халқының рухани келісімі мен бірлігін нығайтуға елеулі үлес қосып жатқан түрлі діни бірлестіктер өкілдерінің ерекше рөлін атап өткен жөн.

Бес жылда Клубтың бейресми алаңы діни бірлестіктер мен қала әкімдігі арасындағы өзара іс-қимылдың, сондай-ақ түрлі конфессиялар өкілдері арасындағы диалог пен әріптестікті тереңдетудің пәрменді құралына айналып үлгерді.

Жалпы, Қазақстан Республикасында 18 конфессияның және 100-ден астам этностың өкілдері тұратынын ескерсек, мұндай алаңдардың ерекше маңызға ие екеніне және олардың үнемі дамуы тиіс екеніне көз жеткіземіз.

Арман Ерғалиев 16.06.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ДінРуханият

Жат ағымға кіргендердің киімі өзгереді. Сосын санасы, мінезі өзгереді

22.05.2024
ҚоғамДінРуханият

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

26.04.2024
ҚоғамДінРуханият

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

26.04.2024
ҚоғамДінРуханият

Қазақстан бойынша айт намазының кестесі жарияланды

05.04.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?