Әнші Меруерт Түсіпбаева «Хабар» арнасының бағдарламаларының бірінде келіндерін күң сияқты көретін қазақтарды сынады. Айтуынша, егер ол келін түсіретін болса «үйдің тірлігін жаса» деп қинамайды.
Мен ешқашан баламның келінін жұмсап, оны күң көріп, домработница етпеймін. Бізде қазақтар қалай? «О, келін келді ме, о домработница келді, болды, енді отырамыз» дейді. Үйді тазалау, шәй құю, тамақ пісіру, ол қате. Ол да біреудің өбектеп өсірген қызы ғой. Қазақ негізі қыздарын еркелетіп өсіреді ғой»,
дейді Меруерт Түсіпбаева.
Әнші келінін қызы ретінде қабылдап, балаларын бағып беруге дайын. Ал оның тамақ пісіруі, шай құюы оған керек емес. Жалпы келінді тек үй қызметшісі ретінде көруді қате деп есептейді.
Келін жақсы десе – жақсы, жаман десе – жаман. Мен келініммен шетелге шығып, демалып жүруді армандаймын. Шатақ мінезі болса мұның бәрін қазір реттеп алуға болады, бәріміздің психологиядан хабарымыз бар, көзі ашық адамдармыз. Түртпектеп отырғаннан ұлым бақытты болмайды. Бастысы ұлыма адал болса болғаны,
дейді Түсіпбаева.