2023 жылдың басында қазақ халқының үлесі Қазақстанда тұратын халықтардың жалпы санының 70,65%-на жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жыл сайын ұсынатын бюллетеньде айтылған.
Осылайша қазақтардың жалпы саны 14 миллион адамға жетіп қалды. Басқаша айтқанда, тәуелсіздік алғаннан бері республикада қазақтар саны екі еседен асқан.
Егер статистиканы өңірлік тұрғыдан қарастыратын болсақ, қазақтардың басым бөлігі елордада тұрады – халықтың жалпы санының 81,09%. Ақтөбе облысында — 85,26%. Маңғыстау облысында — 91,36%, Атырау облысында — 92,95%, Қызылорда облысында — 96,12%.
Жалпы, қазақ халқы Солтүстік Қазақстаннан басқа барлық облыстарда басым. Солтүстік Қазақстанда орыстар қазақтардан басым болып тұр, және олар әлі күнге дейін халық саны бойынша Қазақстанның екінші халқы болып қала береді – 3 млн адам, үлесі — 15,18%. Алайда, жағдай өзгеруі мүмкін, өйткені Қазақстанда славян халқының саны жыл сайын төмендеп келеді.
Орыстардан кейін өзбектер үшінші орында. Қазақстанда олардың саны 643,3 мың адамды құрайды (3,25%).
Төртінші орынды украиндықтар иеленді — 380,2 мың адам, пайыздық қатынаста — Қазақстан халқының жалпы санының 1,92%.
Ұйғырлар бесінші орында — 297,1 мың адам (1,5%).
Бұдан кейін немістер – халықтың 1,14%, татарлар – 1,11%, әзірбайжандар – 0,76%, корейлер – 0,61%, түріктер – 0,45% және дүнгендер — 0,41%.
Әлеуметтанушылардың болжамы бойынша 20 жылдан кейін Қазақстанда қазақтардың саны 90% болады.