Заңдастырудан түк те шықпады.
Қарапайым халық шетелден, яғни, шетелдік тіркеуі бар көліктерді неге алып жатыр?
Өйткені, ол машиналардың жылы жаңа, сапасы жоғары, оған қоса бағасы жағынан да тиімді болып отыр.
Біздің елде 30 жыл жүрген ескі көліктің бағасы шарықтап тұр. Мысалы, екі-үш жыл бұрын «Toyota Camry 20» автокөлігі 2 млн теңге тұрса, қазір 4 млн теңгеге жетті. Мұны біздің елде «Тойота алсаң өзіңе салған инвестиция» деп біледі. Себебі сатып алған ескі көліктің бағасы жыл өткен сайын қымбаттауда.
Ал өзімізден құрастырылып шыққан автокөліктер қарапайым азаматтарға қолжетімсіз, бағасы сапасына сай келмейді.
Шетелден ресми түрде сатып алайын десе утилизациялық алым мен бастапқы тіркеу алымы мөлшерлемесінің құны көлік бағасынан да асып жатыр.
Сондықтан да, азаматтарымыз әлі күнге дейін көрші елдерден көліктерді кіргізіп жатыр. Олардың саны күн сайын артып, алдағы уақытта тағы үлкен мәселеге әкеп соғуы әбден мүмкін.
Бұл – мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті мүшесі Наурыз Сайлаубайдың айтқаны.