Қоғам

Былтыр тек 3 фильм қазақ тілінде дубляждалған екен

Қазақ тілінде фильм көргісі келетіндер кинотеатрға түнде баруға мәжбүр. Не деген сұмдық?

Жекеменшік мектептерімізде қазақы иіс шықпайды, жарнамаларды оқып тіпті жылайсың, енді міне қазақ тілінде кино көргің келсе түнгі сеансты күтуіңе тура келеді. Әрине, аударманың сапасы ол екінші мәселе.

Бұдан былай жыл сайын қазақша дубляжбен кем дегенде 15 фильм шығады. Бұл Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың берген уәдесі.

Сондай-ақ, ведомство алдағы бірнеше жылда жалпы прокаттағы қазақша фильмдердің үлесін 30%-ға жеткізуді көздеп отыр.

Бұған дейін қазақстандықтар қазақ тіліндегі фильмдердің (дубляждалғандар да) тек түнгі уақытта көрсетілетінін айтып, шағымданған еді. Министр бұл мәселені де қарастыруға уәде берді.

Мемлекеттік тілде фильм көргісі келетіндер көбіне түнде кинотеатрға баруға мәжбүр. Бұл, әрине, қате. Мұның жеке бизнес екенін түсінеміз. Десе де, біз фильмдердің мемлекеттік тілде болуын және қолайлы уақытта көрсетілуін қадағалауға міндеттіміз деп есептеймін,

деді Оралов.
Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago