Осы қазақтың тойы қашан бітеді? Бұл сұрақты «Сұрауы бар» бағдарламасына келген кинорежиссер, жазушы Ермек Тұрсынов барша халыққа қойды.
Бүкіл өміріміз бір той болды.
Нені тойлап жүрміз? Қазір қуанатындай не бар?
Міне, 30 жылдан астам уақыт отырмыз.
Қазір несие алмаған, ипотека алмаған қазақтың жанұясы қалмады. Бәрі несиеге батып қалған.
Ұлттық идея деген ұғым бар. Ал қазақтың ұлттық идеясы – той. Той тойлау.
деді кинорежиссер, жазушы Ермек Тұрсынов.
Бір жылға доғарайықшы осы нәрсені. Бір жыл аздық етеді, кем дегенде 5 жылға қоя тұру керек. Сол кезде нәтижесін көруге болады. Үйлену тойын жақсы, қалдырайық, қалғаны: тұсаукесер, 1 жас, 30 жас, 40 жас, 50 жас, 60 жас дегендер артық кейде. Ел шынымен де қазір той тойлап жүретін жағдайда емес.
Биліктегі ұрылар отанымызды тонап, қарапайым халықтың қалтасын қағып, өз ұлтына қатігездіктің түр-түрін жасап жатқан кезде неменеге мәз боламыз расымен де?!
Тойдың беретін еш мәдениетi жоқ. Секеңдеген билер мен қарқылдаған тамадалардың керегі жоқ.
Оқырмандар бұл пікірге қарсылық білдіріп жатыр.
«Той»- деген халықтың қазынасы. Салт-дәстүріміздің, әдеп-ғұрпымыздың айнасы. Қазақ әр кезде де қазақ болып қалуы керек. Тойлансын, той болсын. Тапқанымыз тойға шашылсын. Шамасы келсе жасасын.
Қазіргі таңда өлетін ешкім жоқ.« Екі қолға бір күрек»- жасаймын деген адамға жұмыс көп. Үйде жатып алып, мінеп-сынап, төсекте жатып алып ақыл айтқанша еңбектеніп, ақша тапсын.
Дәл қазіргі заман ең жақсы заман. Осы күнді аңсап жүргендер қаншама? Қазақ болмысында отыз күн ойын, қырық күн тойы деп ертеден келе жатқан дүние. Той деген ол былайша айтқанда шет елдіктер ақша төлеп қатысып жүрген тренингтері ғой, мотивация алып, шер тарқатып, эмоциясын шығарып келетін.
Шет елдіктер той болмаған соң ақша төлеп небір тренингтер мен психологтарға барады. Бізде қазақтар психологқа бармай-ақ, бір тойға барса бәрін ұмытып кетеді. Той тоқтаса ағайын-туыс бір-бірін іздемей, ұмытып кететін сияқты.