Ең жоғары жалақы АҚШ, Канада, Австралия елдерінде.
Бір елдің өзінде аймаққа байланысты кеншілердің алатын табысы әр түрлі. АҚШ-та ең төменгі қызметтегі тау-кен жұмысшылары сағатына 16 доллар табады.
Сондай-ақ бұл елдерде жұмысшыларды тегін оқыту, кәсіби шеберлігін арттыру, жұмыс киімдері мен қажетті құралдар қарастырылған.
Шахталарда жоғары білімі бар мамандар ең үлкен табыс табады. Олар: инженерлер, геологтар, техниктер, IT мамандары.
Кестеде кеншілердің әлем бойынша орташа жалақысы туралы ақпарат көрсетілген. Кеншінің нақты жалақысы атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне, қосымша төленетін сыйақыға байланысты өзгеруі мүмкін.
Көрсетілген кестедегі ақпарат жұмыс сайттарынан, жалақыны салыстыру сайттарынан, ресми мемлекеттік статистика сайттарынан алынды.